Павлодарлық полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алуды күшейтуде

Павлодарлық полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алуды күшейтуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алаяқтық жасаудың негізгі және басты себептері – азаматтардың алаяқтарға сеніп қалуы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Осыған байланысты Павлодар облысының полицейлері қала прокуратурасымен бірлесіп, Атамекен кентінің тұрғындары арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізді.

Құқық қорғау органдары ауыл тұрғындарына ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолданатын қаскүнемдердің негізгі схемалары туралы айтып берді. Облыс аумағында орын алған нақты мысалдарда интернет желісінде сату немесе сатып алу кезінде алдау тәсілдері, СИМ-карталардың қолданысын ұзарту сылтауымен  банктер немесе мемлекеттік қызмет көрсету сайты атынан қоңыраулар, сондай-ақ «әлеуметтік желілердегі алаяқтық» және «туысқандар қиындыққа тап болды» деген ескі схемалар қарастырылды.

Полицейлер «Қауіпсіз» шоттар мен «қауіпсіз карталар» жоқ екенін ескертті. Сонымен қатар, полицейлер базарлар мен ірі сауда үйлеріне үнемі барып тұрады, қала тұрғындарына жадынамалар таратады, сақтық шараларын түсіндіреді.

– Полицейлердің негізгі міндеті – халықтың хабардарлығын арттыру. Жедел уәкілдер облыс тұрғындарын әлеуметтік желілерде және мессенджерлер чаттарында интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы ұсыныстармен бөлісуге шақырады, – деді облыстық полиция департаментінде.

Сондай-ақ, алаяқтармен байланыста болған кезде шешім қабылдауға асықпай, банкке тексеру қоңырауларын шалу керек, жеке деректеріңізді айтпау және жібермеу қажет, алаяқтардың әрекеттері туралы банктердің CALL-орталықтарына және полицияға дереу хабарлау керек. Егер Интернеттегі алаяқтардың құрбаны болған жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.