Павлодар облысында маусымның соңғы аптасында дауыл мен жаңбыр күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 24 және 25 маусымда облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +20...+25°С көрсетеді.
26 маусымда да жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +20...+25°С-қа дейін көтеріледі.
27 маусымда облыстың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +17...+22°С көрсетеді.
28 маусымда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +25...+30°С болады.
29 маусымда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +22...+27°С көрсетеді.