Павлодарда ұлттық дәстүрді ұлықтайтын «Асыл әжем» байқауы басталады
Өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірде отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын ерекше байқау басталады. «Асыл әжем» байқауы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтің және Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Шара «Павлодар студенттік құрылыс және жастар жасақтарының штабы «Жасыл ел» ҚҚ шағын гранты аясында жүзеге асуда.
Байқауға әже мен немереден (ұл немесе қыз) құралған командалар қатыса алады.
Ұлттық болмысты ашатын дода үш кезеңнен тұрады. Қатысушылар әуелі «Дәмді дәстүр» – ұлттық тағамның таныстырылымын жасап, кейін «Сәнді отбасы» – отбасылық сән көрсетілімін көрсетсе, соңғы бөлімде «Өнерлі отбасы» аталымында шығармашылық өнер көрсетеді.
Шараға қатысуға ниеттілерден өтінім 13 тамызға дейін WhatsApp арқылы +7 778 679 22 17, + 7 700 659 59 21 қабылданады. Ал байқау 14 тамыз күні өтеді деп жоспарлануда.
Ұйымдастырушылар павлодарлықтарды ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, отбасының ерекше дәстүрін көпшілікке таныстыру мүмкіндігін жіберіп алмауға шақырады.