Павлодарлық ұжым «Үздік кәсіпорын» марапатын алды

Павлодарлық ұжым «Үздік кәсіпорын» марапатын алды
Фото: Константин Шелков

Қызметкерлер де елеусіз қалмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының 20 жылдығына орай мекеме ардагерлері мен ұжым өкілдері түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.

Атап айтсақ, орталыққа қарасты «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі Асхат Тұрғанбек республикалық салалық кәсіподақ ұйымының «Еңбек даңқы» орденімен, «Шаңырақ сазы» халықтық ансамблінің солисі Нұржан Сарқамбаев «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды.

Ал «Шаңырақ» орталығы Қазақстанның «Үздік кәсіпорыны» сапа жұлдызымен марапатталды.

Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқанның Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, Павлодар облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды.