26 ақпанда Павлодар облысында жел күшейеді

26 ақпанда Павлодар  облысында жел күшейеді
Фото: Константин Шелков

Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 16-18,  күндіз 6-8 градус аяз болады.

Түнде 27 ақпанда метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді. 

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қар жауады, жаяу бұрқасын соғады.

Қазақстанның оңтүстік жартысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады.

Батыс антициклонның әсерінен Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын жаумайды. Республиканың оңтүстік-шығысында және батысында көктайғақ болады.

Еліміздің аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.