Павлодардан әскерге шақырылған ұландар әскери міндетін қай өңірде өтей алады
Жалпы, ата- ана баласының жыраққа кетпей, өзі туып-өскен аймақта әскери борышын өтегенін қалайды. Алайда, әскери талап пен тәртіп бұған бағына ма?
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мәліметіне сүйене отырып, @Pavlodarnews.kz тілшісі көпшіліктің көкейінде жүрген сауалға нақты жауап беруге тырысады.
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс күштері мен өзгеде әскери құрылымдарды азаматтарды әскерге шақыру арқылы жасақтау экстерриториалалдық принцптер бойынша жүзеге асады. Яғни, жеке құрамды өзі тұратын елді-мекендегі әскери бөлімдер мен құрылымдардан тыс аумақтан жасақтау көзделеді, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.
Алайда, биыл мамыр айынан маусым айы аралығында және тек Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының экстерриториалалдық принциптері өз облысының құзіретінде болады.
- Мысалы, Өскемен қаласынан шақырылатын болашақ сарбаз Семей және Павлодар қалаларында әскери борышын өтеуіне болады, - делінген хабарламада.
Ал Павлодар мен Семей қалаларынан шақырылғандар Өскеменге барып, 1 жылдық әскери міндетін өтеуге мүмкіндігі бар. Яғни Отан алдындағы борышын өтеуге ниетті сарбаздар тек Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге бара алады.