Павлодарда балықшылар суға кете жаздады

Павлодарда балықшылар суға кете жаздады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың бірі өз бетімен жағаға шықса, екіншісін құтқарушылар аман алып қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Ертіс өзенінде балық аулау кезінде резеңке қайық аударылып кеткен. Қайықта екі ер адам болған. Оқиға жағалаудан шамамен 200 метр қашықтықта орын алған.

– Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы жетті. 1985 жылы туған балықшылардың бірі жағаға өз бетімен жүзіп шыққан. 1975 жылы туған екінші азаматты құтқарушылар судан аман-есен алып шықты. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды, – делінген хабарламада.

ТЖМ суға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтап, құтқару желетін кию қажеттігін ескертеді. Ауа райы тұрақсыз болған жағдайда аса мұқият болуға шақырады.