Екібастұзда үш қазандық жөнделуде
Станциядағы жөндеу жұмыстарына күнделікті 100-ден астам адам жұмылдырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша желілік су параметрлері қысым 9,2/2.0 кг/см2 болғанда тікелей 75 градусты және кері желілік су 52 градусты құрайды.
– Энергия көзінің жұмыс тәртібі жабдықтың жағдайымен анықталады. № 5, 6, 9, 11, 12, 14 алты қазандық агрегаты жұмыс істеуде, № 13 қазандық агрегаты резервте. № 8,15 екі қазандық агрегатының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. № 7 энергетикалық қазандық агрегаты күрделі жөндеуге шығарылды, – деп жазылған хабарламада.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорынның барлық қажетті техникалық жабдықтары мен жөндеу бригадалары бар.