Павлодарда пиязды әлеуметтік бағамен сатып алуға болатын дүкендердің тізімі
Өнім тұрақтандыру қорынан жеткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
– «Павлодар» ӘКК» АҚ бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде күн сайын өңірлік тұрақтандыру қорынан пиязды облыстың әлеуметтік дүкендеріне жібереді. 2023 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша аймақтың сауда орындарына пиязды жеткізу туралы ақпарат ұсынылады, – деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі күні пиязды төмендегі дүкендерден сатып ала аласыздар:
«Small» супермаркеттер желісі – Ак. Сәтбаев көшесі, 21; Ак. Сәтбаев көшесі, 316/1; Ак.Сәтбаев көшесі., 47; Катаев көшесі, 51; Бекхожин көшесі, 3/2;. Ак.Марғұлан көшесі, 113;
«Greenwich» супермаркеті, Қамзин көшесі, 67/1
«Jailau» Фермерлік базары, Торговая көшесі,2А
ЖК «Сүлейменов», Береке дүкені, М. Жүсіп көшесі, 21/1
ЖК «Мәжитова», «Алатау» сауда үйі, Павлов көшесі, 34, 43 бутик
ЖК «Мирзоева», «Парадайз» дүкені, Назарбаев даңғылы, 99/1
ЖК «Берген», «Альтаир» дүкені, Ак.Сәтбаев, 21/2, Шөкин көшесі, 38.
Барлық сұрақтар бойынша 65-06-53 телефоны бойынша хабарласуға болады