Павлодар облысында оқушылар арасында үздік биологтар анықталды

Павлодар облысында оқушылар арасында үздік биологтар анықталды
Фото: білім басқармасынан

Биология пәнінен XІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасына 50-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беру ұйымдарының 7-8 сынып оқушылары ұйымдастырылды.

- Олимпиаданың мақсаты - жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды рейтингтік іріктеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен бағдарламалау бойынша олимпиадалық резервті құру. Білім додасына 45 оқушы қатысты. Оның ішінде 7-сыныптан 21 , 8-сыныптан 24 бала бар, - делінген хабарламада.

Олимпиада қорытындысы бойынша 11 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Мұнда І орынға  3 қатысушы лайық болса, дәл солай 3 оқушы  ІІ орынға ие болды.  Ал 5 оқушы жүлделі ІІІ орынға сай деп танылды. Тағы бір оқушы Құрмет грамотасының иегері атанды.