Ақсу қалсында алдағы жылыту маусымына дайындық қалай жүруде?

Ақсу қалсында алдағы жылыту маусымына дайындық қалай жүруде?
Фото: Константин Шелков

Облыс әкімі Асайын Байханов Ақсу қаласына кезекті іс-сапарымен барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы Ақсу қаласының магистральдік су құбыры желілерін реконструкциялауды аяқтау көзделген. Бұл ұзындығы 3,2 шақырым болатын екі кезең, жалпы құны 489,6 млн теңгені құрайды. 

– Әлеуметтік сала объектілері үшін 2025-2026 жылдарға арналған жаңа жылыту маусымында көмірге жалпы қажеттілік 8668 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 1117 тоннаға жеткізу шарттары жасалған, – дейді директор «Казхром ТҰК» Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Мұсабек Мақашев. 

Оның айтуынша, 2025-2026 жыл жылыту маусымын дайындау бойынша арнайы іс-шаралар жоспарланған. Мәселен, үш қазандыққа ағымдағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты бірінші қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Төртінші қазандыққа күрделі жөндеу жүргізіледі, мердігерлер бірінші сәуірден бастап анықталды. Отынмен қамтамасыз ету бойынша көмір жеткілікті. Жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар 20,5 миллион долларды құрайды, бұл – 1 млрд 300 миллион теңге. 

Айта кету керек, зауыт ішінде бірқатар іс-шаралар күрделі жөндеуден өткізіледі және зауыт ішінде ішкі магистральды құбырларды ауыстыру жұмыстары жоспарланған.   

Сондай-ақ, 16-17 сәуір аралығында гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Барлық іс-шаралар екі ай шеңберінде жоспарланған, яғни бірінші маусымнан 31 шілдеге дейін жалғасады. 

– Гидравликалық сынақтар сапалы орындау үшін жүргізіледі, зақымдануды жоюдың толық мерзімі – төрт апта, – деді Асайын Байханов.

Сондай-ақ ол барлық жұмыстарды Ақсу әкімдігімен бірлесіп жүргізу қажеттігін ескертті.  

– Ыстық сумен жабдықтауды өшіру кезеңін барынша қысқарту міндетін қойып отырмын. Ол үшін қажетті күштер бар. Павлодар мен Екібастұзда да  бастапқыда бес ай ыстық су болмайды деп жарияладық, ал іс жүзінде үш айға сусыз қалды, – деп аймақ басшысы өткен жылдардағы тәжірибені еске салды.

Әкімнің айтуынша, жылу және сумен жабдықтау жүйесін ретке келтіруге қаражат бөлінеді. Жалпы, Ақсуда желілердің тозуы Павлодар мен Екібастұзға қарағанда 25 пайызға аз.