Кенжекөл ауылында балабақшада орын жоқ (ВИДЕО)
Осы мәселені шешу мақсатында келер жылы мұнда жаңа балабақша салу жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың азаматтарды кезекті көшпелі қабылдау кезінде сөз болды. Мемлекеттік органдардың басшылары абаттандыру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала мәселелері бойынша ауыл тұрғындарын қабылдады.
- Ауылда балабақшаға қосымша орын қажет. Қабылдауда ауыл тұрғындары жаңа мектепке дейінгі мекеме салу қажеттігін айтты. Келесі жылы 240 орындық балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді, - деді Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетелік, жер-жерлерде қабылдаулар өткізу тұрғындармен жұмыс істеуде өте тиімді. Осы арқылы жергілікті атқарушы органдардың халықты толғандыратын мәселелерімен тікелей танысуға, сондай-ақ оларды шешуге көмек көрсетуге мүмкіндігі бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram