Павлодар облысында үкіметтік емес ұйымдардың көшпелі басқосуы өтті
Жиын Баянауыл ауданындағы демалыс базасының бірінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында 22-23 тамыз кұндері Баянауыл ауданындағы «Тұран» демалыс базасында үкіметтік емес ұйымдардың көшпелі мектебі өтті.
- Диалог алаңының жұмысына облыстың үкіметтік емес ұйымдарының 20-дан астам өкілі қатысты. Жобаның әлеуметтік әсері жергілікті, өңірлік ҮЕҰ арқылы нақты міндеттерді шешу және ҮЕҰ қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыру болып табылады, - делінген хабарламада.
ҮЕҰ көшпелі мектебінің спикері ретінде «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ атқарушы директоры Мұрат Оспанов пен «Астана қ. ҮЕҰ альянсы» ЗТБ өкілі Жанар Оспанова арнайы қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Тәуелсіз ұстанымының арқасында ҮЕҰ үкіметтің жұмысын бақылап, оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізе алады.