Павлодар облысында үш орман шаруашылығы мекемесінде бейнекамералар қойылады
Бұдан бөлек Баянауыл ұлттық табиғи паркінде өрт ошағын анықтайтын камералар орнату жоспарда бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Цифрландыру мақсатында жалпы бүкіл мемлекеттік орман қоры аумағында бейнекамералар орнату жұмыстары жүргізілуде. Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Тулепбаевтың сөзінше, келесі жылы Үрлітүп, Максим-Горький, Павлодраское орман шаруашылығы мекемелерінде 13 камера орнатылады.
– Облыстық бюджеттен 218 миллион теңге қаражат бөлінді. Бұл камералар тәулігіне 24 сағат түсіріп, онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Жазбалар серверде ұзақ уақыт сақталады. Камералар өрт енді ғана басталған кезінде өрт ошағын анықтауға көмектеседі. Олар өртті сөндіруге арнайы техника мен күштерді жұмылдыру үшін арнайы орнатылады, – деді Руслан Тулепбаев.
Бүгінде тек «Ертіс орманы» резерватында орманды заңсыз кесудің алдын алу мақсатында және орман және дала өрттерін ерте анықтау жүйесі жұмыс істейді. Резерват аумағында 23 сапалы бейнекамерамен және тепловизорлармен жабдықталған. Мұнаралар мен бейнекамераларды орнату үшін республикалық бюджеттен екі миллиард теңге бөлінді.
– Келесі жылы Баянауыл ұлттық табиғи паркінде аталмыш камераларды орнату жоспарлануда. Ол үшін тиісті қаражатты қарастырылып жатыр, – деп атап өтті Руслан Тулепбаев.
Айта кетейік, рейд кезінде орманды бақылау үшін дрондар пайдаланылады. Олар резерват және үш орман шаруашылығы мекемелерінде ұшып жүреді.