Павлодар облысында Ұлы Отан соғысы жауынгерінің туыстары іздестірілуде

Жеңіс мерейтойы қарсаңында оның туыстарын табуға көмек сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Новгород облысындағы іздестіру жұмыстары барысында 1924 жылы туған Зиновьев Петр Игнатьевичтің бауырына тиесілі Қызыл Жұлдыз ордені мен сүйек қалдықтары табылды. Іздеу жұмыстарын Ресейлік «Каскад» іздестіру жасағы жүргізді.
Марқұм 1985 жылы қайтыс болған, өмірінің бір кезеңінде Талдықорғанда тұрғаны анықталды.
– 80 жылдық Жеңіс мерейтойы қарсаңында қаза тапқан жауынгердің туыстарын табу – маңызды әрі қасиетті іс. Ерліктің ел есінде сақталуы үшін көпшіліктің қолдауы қажет. Қазақстанда тұратын мүмкін туыстар жайлы ақпарат болған жағдайда, Павлодар қаласындағы «Майдан Жолы» іздестіру-зерттеу отрядына хабарласуыңызды сұраймыз, – дейді «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу отряды.
Байланыс телефоны: +7(777)461-73-78.