Павлодарлық Instagram-нан қазақ әндерінің неліктен жоғалып кеткенімен бөлісті
104 MOLODOI BOSS немесе Юрий Дробитько өз парақшасында «PRESIDENT» жобасы жетекшісінің пікірін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жоба авторы, Мемлекет басшысының жұмысы туралы әңгімелейтін Әділ Балтабаевтың айтуынша, қазақ музыкасының танымал желіден жоғалып кетуіне Meta мен «Қазақстан авторлар қоғамы» (ҚазАҚ) арасындағы келісім-шарт мерзімінің аяқталуы себеп. Оған сәйкес, Meta музыканы пайдаланғаны үшін төлемақы жасап отырған.
– Алайда, ҚазАҚ төлем көлеміне көңілі толмай, оны көбейтуді талап етті. Келіссөздер басталды. Олар жүріп келе жатқанда қазіргі келісім мерзімі бітті, жаңасы жасалмады. Нәтижесінде Meta платформалардан ҚазАҚ-пен келісім-шартқа отырған барлық қазақстандық авторлардың музыкасын алып тастады, бұл танымал әртістердің көпшілігі, - деді Әділ Балтабаев.
Сондай-ақ автор бірнеше қазақстандық әртістермен сөйлесті, олар оған өткен кезең үшін ҚазАҚ оларға ешқандай қаламақы төлемегенін айтты. Отандық әртістер Instagram-да қашан пайда болады деген сұраққа келсек, ол ашық күйінде қалып отыр.
MOLODOI BOSS атымен танымал рэпер Юрий Дробитко Павлодарда дүниеге келген. 2009 жылы тағы бір танымал павлодарлық музыкант Скриптонит JILLZ тобын құрды, оның құрамына Юрий Дробитко мен Ниман (Әнуар Баймұратов) кірді. Қазір Юрий Дробитько бөлек өнер көрсетеді, рэпер 104 және Юрик Четверг лақап аттарымен де танымал.