Павлодарда тарихи ғимараттардың макеттері қойылған көрме ашылады

Павлодарда тарихи ғимараттардың макеттері қойылған көрме ашылады
Фото: pexels.com / Thirdman

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейі баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қыркүйек күні сағат 15:00-де Павел Владимирович Готманның «Жаңғырған тарих беттері» атты тарихи ғимараттар макеттері көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Павел Владимирович Готман 1954 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол Павлодар индустриалды институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Главпавлодарстрой» басқармасында бригадирден құрылыс басқармасының бастығына дейін қызмет атқарған.

– Көрмеде тарихи ғимараттардың 22 макеті ұсынылған. Бұл туындылар әлемнің әртүрлі елдеріндегі танымал сәулет өнерінің жауһарлары саналады. Ерекше еңбектерінің бірі – 1991 жылы бу қозғалтқышымен жұмыс істейтін төрт қабатты заманауи нысан болған Павлодардағы Тиссен диірменінің макеті. Қуаты 44 ат күшіне тең бу машинасы тәулігіне 300 мың пұт ұн өндіре алған. ХХІ ғасырға қарай бұл Қазақстандағы неміс өнеркәсіптік сәулетінің жалғыз ескерткіші болып қалған, – деді ұйымдастырушылар.

Макеттерді жасаудағы басты шабыт көзі – тарихи және мәдени мұраны сақтау және дамыту.

Көрме 2025 жылдың 25 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.