24 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

24 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Түнде шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын аз түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-батыс желі 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін барады. 

Ауа температурасы түнде 0...-5 градус салқын, күндіз +1..+6 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, күндіз аздаған қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.  

Сынап бағанасы түнде -2...-4 градус, күндіз +4...+6 градус көрсетеді.