Павлодарда бірқатар көшелерде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Автокөлік иелерін маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 31 наурыз күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін қаланың келесі көшелерінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі:
Парковая көшесі Жаяу Мұса көшесінен Қазправдаға дейін;
Назарбаев даңғылы (қалта) Естай көшесінен Лермонтовқа дейін;
Минин көшесі Геринг көшесінен Малайсары батырға дейін;
Қамзин көшесі Толстой көшесінен Ломовқа дейін;
Российская көшесі Нұрмағамбетов көшесінен Малайсары батырға дейін;
Гагарин көшесі Назарбаевтан Қазправдаға дейін;
Баян батыр көшесі Жібек жолы көшесінен Мичурино ауылына дейін;
Олжабай батыр көшесі Торайғыров көшесінен Баян батырға дейін.