25 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Түнде 14-16, күндіз 9-11 градус аяз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метрді құрайды.
Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР шығыс жартысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады, батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
ҚР бойынша көктайғақ болады, тұман түседі және жаяу бұрқасын соғады.