Екібастұз тас жолындағы апатта жүкті әйел зардап шекті
Жол-көлік оқиғасы Екібастұз - Бәйет ауылы арасындағы тас жолда трікелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, екі көліктің соқтығысуынан 32 жастағы жүкті әйел мен 25 пен 29 жас аралығындағы үш ер адам зардап шекті. Олардың барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
– Өткен демалыс күндері болған апаттардың басым бөлігі кешкі уақытта болған, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко. – Әрине, полицейлер себептерді анықтауы керек, бірақ тәжірибеге сүйене отырып, олар көбінесе жылдамдық режимін сақтамауда және қарапайым немқұрайлылықта болады. Бірақ осыған байланысты адамдар ауыр жарақат алуы мүмкін, тіпті ажал құшуы мүмкін.
Станцияда жол қозғалысының барлық қатысушыларын өздеріне және басқаларға қауіп төндірмеу үшін жол ережелерін сақтауға шақырады.
Айта кетерлігі, демалыс күндері 103 қызметі екі тәулікте 11 жол-көлік оқиғасын пысықтады. Тек сенбі күні жедел жәрдем қызметкерлері төрт адам зардап шеккен апаттарға шықты. Демалыс күндері жол-көлік оқиғаларында барлығы 29 адам зардап шекті.