Павлодар облысында шілде айы жаңбырлы болады
Болжам бойынша өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Синоптиктердің хабарлауынша, бір айдағы орташа ауа температурасы +19,8...+21,4°C шамасында болады, бұл қалыпты жағдай. Бірінші онкүндікте ауа температурасы біртіндеп түнде +10...+15°С-тан +17...+22°С-қа дейін, күндіз +20...+25°С-тан +27...+32°С-қа дейін көтеріледі.
10 шілдеге қарай сынап бағанасы одан әрі жоғарылай түседі: түнде +20...+25°C дейін, күндіз +31...+36°C дейін барады. Ал одан әрі түнде +12...+17°C дейін, күндіз +22...+27°C дейін төмендейді.
20 шілдеге қарай күндіз термометр бағаны қайтадан +25... + 30°C дейін көтеріледі, бірақ шілденің аяғында күн суытады деп күтілуде. Түнде + 10...+15°C дейін, күндіз + 18...+23°C дейін көрсетеді.
Бір ай ішінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, секундына 15-20 метр жел болуы мүмкін. Шілде айының ортасында бұршақ жауады деп болжануда.