Елімізде Жаңа жылда қанша жолаушы пойыздармен жеткізілді?
Жолаушыларға қосымша 1300 орындық ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жылдық мерекелерде жолаушылар тасымалы мен қала маңы пойыздармен 9 мыңнан астам жолаушы жеткізілді. Жолаушылардың жайлылығы мен мерекелік демалыс күндері сапарлаушылардың тасымалдауға деген сұранысын қанағаттандыру үшін ҚТЖ қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар есебінен ресурстарды жұмылдырып, 30 мың орын дайындады. Олар негізінен ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылған елді мекендерден жолаушыларды шығару үшін тағайындалды. Қар басқан аудандардан 9 мыңнан астам жолаушы эвакуацияланды.
Ағымдағы жылдың 2 қаңтарына Көкшетау, Бурабай курорты, Атбасар, Павлодар бағытында 4 қосымша қала маңы пойызы іске қосылды. Жолаушыларға қосымша 1300 орындық ұсынылды.
Жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсетуге арналған вокзалдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Еліміздің вокзалдарында 600 астам кезекші күн сайын жолаушыларды пойыздар қозғалысы туралы және барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етеді. Жолаушыларды вагондарға қауіпсіз отырғызу/вагондардан түсіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Теміржол инфрақұрылымын қардан тазарту тәулік бойы жүргізілуде. 29 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін темір жолдардан 36 мың текше метрден астам қар шығарылып, 12,9 мың шақырым жол тазартылды. Темір жол инфрақұрылымын қардан тазарту жұмыстарына 73 бірліктен астам мамандандырылған қар тазалау мен қардан аршу техникасы және 3,6 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды.
Жолаушыларға арналған бірыңғай телефон анықтамалық қызметі - 1433 мереке күндері үзіліссіз жұмыс істеді. 29 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін 20, 6 мыңнан астам өтініш түсті.