Заңгер пікірі: жаңа Конституцияда азаматтардың еңбек ету құқығы қалай қорғалады?

Заңгер пікірі: жаңа Конституцияда азаматтардың еңбек ету құқығы қалай қорғалады?
Фото: gov.kz

Еркін Дүйсенов мемлекеттіліктің іргетасын нығайтатын маңызды түзетулерді атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Еркін Дүйсенов жалпы ережелер туралы және адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты бөлімдерді түзетудің үш негізгі тәсілін атады.

Дүйсеновтің айтуынша, «Жалпы ережелер» бөлімін «Конституциялық құрылыс негіздері» деп қайта атау ерекше маңызды. 

– «Жалпы ережелер» бөлімінің атауын «Конституциялық құрылыстың негіздері» деп өзгертуді толық қолдаймын. Бұл бөлім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы туралы, сондықтан біз қазақстандық мемлекеттіліктің қағидаттары мен тәсілдерін көтермелеп қана қоймай, конституциялық-құқықтық жолдаулар арқылы азаматтардың нақты құқықтық санасын қалыптастыруға тиіспіз, – деп атап өтті ол.

Заңгердің атйуынша, екінші маңызды нақтылау – еңбек құқығын тұжырымдауды нақтылау. 

– Еңбек бостандығын емес, еңбекке құқықты көрсету туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл Қазақстан ратификациялаған экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді. Басқа қатысушы мемлекеттер әр адамның нақты еңбек ету құқығын мойындайды, – деп бөлісті спикер.

Сонымен қатар спикер Конституцияда неке туралы норманың бекітілуін қолдап, некенің заңға сәйкес мемлекет тарапынан тіркелген ерлер мен әйелдердің ерікті әрі тең құқықты одағы болып табылатыны туралы норманы енгізуді құптайтынын жеткізді. Еркін Дүйсенов мұндай тәсілдің зайырлы мемлекет саясатына, теңдік пен кемсітпеушілік қағидаттарына, сондай-ақ ұлтымыздың рухани-адамгершілік кодына толық сәйкес келетінін атап өтті.