Халық игілгі үшін: Успен ауданында су мен жол мәселесі қарқынмен шешілуде

Халық игілгі үшін: Успен ауданында су мен жол мәселесі қарқынмен шешілуде
Фото: Есенжол Исабек

Биыл да елеулі маңызы бар жобалар саны жеткілікті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Асайын Байханов Успен ауданына барған жұмыс сапары кезінде 2025 жылы іске асатын жобалармен танысты. 

– Өткен жылы кіреберіс жолдарды толықтай аяқтадық. Бүкіл ауылдардың кіреберіс жолы 100 пайыз асфальтталды. Енді ауылішілік жолдарға кірісіп жатырмыз, – деді аудан әкімі Нұрболат Мақашев.

Оның сөзінше, халықтың ұсыныстары бойынша биыл бес елді мекенде ауылішілік жолды жөндеу көзделуде. Қозыкеткен, Тобылжан, Қызылағаш ауылдарының көшелеріне бонустық трансферт шеңберінде қаражат бөлінді. Бүгінде «Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы Қозыкеткен және Тобылжан ауылдарындағы жұмыстарды толық аяқтады. Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мамандары аталмыш жолдардан сапаны анықтау үшін керн алды. Енді жергілікті әкімдік оның нәтижелерін күтуде. Қызылағашта жұмыстар 50 пайызға аяқталды. Ал, маусымның 15-20 күндері облыстық мердігерлер Қаратай мен Ковалевка ауылдарында асфальттау жұмыстарына кіріседі. 

Бұдан бөлек ауданда үш мектептің күрделі жөндеуі жоспарлануда. «Tabys Power Construction» ЖШС мердігерлік ұйымы М.Жұмабаев және А.Байтұрсынов атындағы орта мектеперді қалпына келтірумен айналысады. Ал, «СКЭР» ЖШС компаниясы Ковалев орта мектебінде жөндеу жүргізеді. 

Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталды. Жұмыс жүргізудің кестесі әзірленді. Барлық жұмыстар 15 тамызға дейін тәмамдалады деп жоспарлануда. Алайда Асайын Байханов оқу кезеңіне таяу мерзімге жұмыстарды аяқтау дұрыс емес екенін айтты. 

– Тамыздың 15-не дейін жеткізбей, ертерек аяқтаңыздар. Өйткені бояған жерлерден иіс шығады. Ертеңгі күні балалар келіп, олардың және ұстаздардың басы ауырады. Әр жөндеу жұмыстарынан кейін өзінің әсері бар ғой, – деп атап өтті облыс әкімі. 

Бұдан бөлек аудан 97 пайызға таза ауызсумен қамтамасыз етілген. Аудан әкімі биыл ол көрсеткіш 100 пайызға дейін жетеді деген сенімде. 

– Өткен жылы біз Қаратай мен Вознесенко ауылдарын сумен қамтамасыз еттік. Биыл төрт елді мекенде кешенді блок модуль орнату жоспарланған. Қазір екі ауыл бойынша қаражат бөлініп, бірінші тамызға дейін олар қойылады. Қалған екеуіне конкурс жариялап жатырмыз.  Жалпы жоспарға сәйкес, биыл ауданды таза ауызсумен жүз пайызға дейін қамтамасыз ету жоспарда бар, – деді Нұрболат Мақашев. 

Асайын Байханов су мен жол бойынша оң нәтижелерге риза болды. 

– Ауданда атқарылып жатқан игі істер жеткілікті, бірақ осы бағытта жұмысты жалғастыру керек, – деді облыс әкімі. 

Сондай-ақ, биыл Равнополь, Ковалевка, Қызылағаш ауылдарында воркаут алаңдары пайда болады. Қосымша Қызылағаш ауылында футбол алаңын салу көзделуде. Ковалевкада кіші архитектуралық формаларды қою жұмыстары жүріп жатыр. Олар бір аптаның ішінде бітеді. Қызылағаш ауылында да абаттандыру жұмыстары елу пайызға дейін аяқталды. 

– Жазғы уақытта балалардың ойнауына мүмкіндік жасау мақсатында жұмыстарды маусым айының бірінші декадасында бітіріп берейік деген жоспарымыз бар, – деді аудан әкімі. 

Тағы бір маңызды жоба – бассейн. Оның құрылысымен айналысатын мердігер анықталды. Жұмыстар сәуірде басталды. 

Успен ауылында бассейннің құрылысы бойынша бүгінгі күні мердігер біз сол құрылыс анықталған болатын. өзіңіздің қолдауыңызбен қаржы биылғы жылға қаржы берілді жұмыс міне сәуір айынан бастап жүріп жатыр. Бассейнде алты жолақ болады. Септик пен қазандық та орнатылады. Су кіргізіліп, инженерлік коммунакциялар бойынша мәселе шешілуде. Бассейннің құрылысы 2026 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Асайын Байханов Успен ауданына барған жұмыс сапары кезінде көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Биыл жалпы егіс алаңы 251,8 мың гектарды құрайды, оның 139 мың гектары дәнді дақылдарды алып жатыр.