Павлодарда жаңа субұрқақ іске қосылды

Павлодарда жаңа субұрқақ іске қосылды
Фото: pexels.com

Мердігер  субұрқақты уақтылы күтіп, қадағалауға міндеттелді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Қала әкімі Ержан Иманзайыпов Instagram-парақшасында өткен жылы қаланы аралау кезінде облыс әкімі Асайын Байханов  Гагарин саябағын абаттандыруды, оның ішінде жарықшамдары бар субұрқақ бойынша жұмыстарды аяқтауды тапсырғанын атап өтті.

– Қаражат қарастырылып, конкурс өткізілген соң жаңа субұрқақты іске қосып, тексеріп көрдік, – дейді Ержан Иманзайыпов.

Айта кетейік, облыс орталығында 25 субұрқақ бар. Оның 20-сына «Коммунсервис» КММ қызмет көрсетеді. Екі субұрқақ жеке меншік иелігінде, екеуіне мердігерлік ұйымның кепілдік қызмет көрсетуінде. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov