Ақтоғай ауданының жеті ауылы ауызсумен қамтылады
Жұмыс үш айға жуық мерзімге жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақтоғай ауданы экономикасы секторының басшысы Серік Байбусиновтың айтуынша, биыл 1,2 млрд теңгеге ауылдарду сумен қамту жобалары бекітілген.
Бүгінде Жаңатап, Жаңаауыл, Жоламан, Жамбыл, Барлыбай, Шұға, Шолақсор елді мекендерінде жұмыстар жүріп жатыр.
– Жамбыл ауылында траншея қазылды. Диаметрі 110 миллиметрлік құбырларды саламыз, құдықтарды монтаждаймыз. Қазірдің өзінде 1200 погон метрге жуық құбырлар мен 31 ұңғыманың құрылысы аяқталды, – дейді Серік Байбусинов.
Оның сөзінше, Жаңабет ауылында ұңғыма бұрғыланып, ондағы су сараптамаға алынған. Нәтижелері бойынша су тазарту жүйесі орнатылатын болады. Жамбыл, Барлыбай, Шұға ауылдарында Рожнов су айдауыш мұнаралары салынды. Қазан айына дейін аталған ауылдарғасу құбырларды салу жоспарлануда.