Павлодар облысы қорығында үкі, бүркіт, ителгі, безгелдек көбеюде

Павлодар облысы қорығында үкі, бүркіт, ителгі, безгелдек көбеюде
Фото: pixabay.com/quillerpl

Бұл құстар Қызыл кітапқа енгізілген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» табиғи резерваты ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің маманы Арман Жүнүсовтің мәліметі бойынша, резерват аумағында құстардың 50 түрі мекендейді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына олардың төртеуі енгізілген: үкі, бүркіт, ителгі, безгелдек.

Ғылым бөлімінің қызметкерлері табиғи резерват фаунасын зерттеу және бақылау бойынша далалық жұмыстар кезінде бүркіттің ұясын кездестірген.  

pixabay.com/ru/zoosnow

– Табиғи резерватта құстарды қорғауға және зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Бүркіт – сұңқарлар тұқымдастарының ең үлкен өкілі. Құс отырықшы өмір сүреді. Қанаттарының ұзындығы 2,5 метрге, салмағы жеті келіге жетеді. Күші ересек қой немесе бұзауды өлтіруге жеткілікті, бірақ бүркіт үлкен олжаны сирек аулайды. Көбінесе қояндар мен кеміргіштерді жейді, – дейді Арман Жүнүсов.

pixabay.com/ru/DanielPolak

2022 жылы резерватта бүркіт саны 92 дарақты құраса, 2023 жылы 95-ке жеткен.  Үкілер 2022 жылы – 87, 2023 жылы – 99, ителгі саны 2022 жылы – 60, 2023 жылы 62,   безгелдектер 2022 жылы – 97, 2023 жылы 101 болды. 

pixabay.com/ru/TASB_DFC

Айта кетерлігі, құстарды есепке алу белгілі бір түрдің ұя салатын немесе мекендейтін аумағы туралы ақпарат бойынша визуалды санақ әдісі арқылы жүргізіледі.