«Ертіс орманында» ауқымды өрт сөндіру жаттығуы өтті

«Ертіс орманында» ауқымды өрт сөндіру жаттығуы өтті
Фото: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті

Тактикалық оқу-жаттығуға авиация мен жердегі күштер бірдей жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер Шарбақты ауданындағы Бауыртал орманшылығы аумағында орман өрттерін шартты түрде сөндіру бойынша тактикалық-арнайы сабақтар өткізді. Жаттығу іздеу-құтқару жұмыстарын бір уақытта пысықтау арқылы өтті.

Авиация мен жердегі қызметтердің өзара әрекеттесуіне ерекше назар аударылды. Сабақ шеңберінде жедел кезекшілердің іс-қимылдары, ұшуға авиабортты дайындау, өртті сөндіру және зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде күштерді үйлестіру және қауіпсіздік шараларын сақтау пысықталды.

– Сабаққа ТЖД жеке құрамынан 14 қызметкері және «Қазавиақұтқару» АҚ-ның көлемі бес тоннаға дейінгі су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Авиация Кезентал көлінен су алуды, содан кейін шартты өрт ошағын сөндіруді пысықтады. Сонымен қатар жердегі бөлімшелердің өртті оқшаулау және шартты зардап шеккендерді құтқару бойынша әрекеттері пысықталды, – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, мұндай тактикалық және арнайы сабақтар қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ орман өрттерін жою және бөлімшелермен өзара әрекеттесу кезіндегі іс-қимылдардың үйлесімділігіне ықпал етеді.