Павлодар облысында мүгедектігі бар адамдар ортопедиялық аяқ киіммен тегін қамтылады
2025 жылы өңірде мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін жаңа шаралар қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту туралы бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша облыста 29 359 мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде бірінші топ – 4127 адам, екінші топ – 11288 адам, үшінші топ – 10155 адам және балалар – 3789.
– 2023 жылы ағымдағы кезеңде мүгедектігі бар адамдардың саны 28653 құрады. Бір жылда халық арасында мүгедектіктің 2,5 пайызға өсуі байқалды. Бірінші топ – 3939 адам немесе 4,8 пайыз, екінші топ – 11172 адам немесе бір пайыз, үшінші топ – 9949 адам немесе 2,1 пайыз, мүгедектігі бар балалар – 3593 адам немесе 5,5 пайыз, – дейді Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың басшысы Альмира Дисюпова.
Оның айтуынша, ағзаның жоғалған функцияларын толтыру немесе ауыстыру үшін мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету көзделген.
Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдардың және заңды өкілдердің өтініші бойынша 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әлеуметтік кодексі енгізіле отырып, мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз ету үшін гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз ету нормасын екі есеге, яғни 730 данадан 1460 данаға дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ, ақыл-ой кемістігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеу жолдама құнының 70 пайыз мөлшерінде жолдама сатып алуға арналған шығыстарды төлей отырып ұсыну мүмкін болды. 2024 жылы мүгедектігі бар 53 бала еріп жүретін адамдармен бірге жолдама бойынша санаторийге аттанды.
Сонымен қатар, 2025 жылға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды оңалту сапасын жақсарту үшін төмендегі ұсыныстарды енгізуді жоспарлап отыр:
– Мүгедектігі бар адамдарды катетермен қамтамасыз ету нормасын 12 данадан 48 данаға дейін ұлғайту;
– Ересектерге арналған жабық кресло-арбаларды 7 жастан 6 жасқа дейін, сондай – ақ 7 жасқа дейінгі балаларға арналған арбаларды ауыстыру мерзімдерін қысқарту – 7, 5 және 4 жастан 3 жасқа дейін, 7 жастан асқан – 7 және 5 жастан 4 жасқа дейін.
– Екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды ортопедиялық аяқ киіммен, аппараттарға арналған аяқ киіммен, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен емдеу-профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету (қазіргі уақытта екінші топ үшін қосымша ақы сомасы 50 пайыз, үшінші топ үшін олардың есебінен толық төлем);
– Зейнеткерлік жастағы мүгедектігі бар адамдарды сурдо және тифло ноутбуктермен қамтамасыз ету, сондай-ақ дыбыстық жазбаны тифлофлешплейермен ойнату үшін ойнатқышты ауыстыру.
– Оңалтудың техникалық құралдар тізбесі матрас және функционалды, механикалық медициналық төсекпен толығады.
2025 жылдан бастап жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүргізу жоспарлануда.