Павлодарда 250-ден астам тұрғын үйге ыстық су берілді
Ол үшін жөндеу бригадалары демалыс күндері де тоқтаусыз жұмыс істеді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта 251 көпқабатты үйге ыстық су берілді. Бұл жұмыстар жалғасатын болады.
– 24 сәуірден бастап төрт күн бойы қалада максималды есептік температураға, 2 мамырдан 11 мамырға дейін құбырлардың әлсіз учаскелерін анықтау үшін жылу желілерінің беріктігіне гидравликалық сынақтар жүргізілді, – деді әкімдікте.
Сынақтардың қорытындысы бойынша 321 ақау анықталды. Бүгінгі күні жойылған ақаулардың жалпы саны 172 құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша 5 маусымға дейін анықталған ақауларды жойып, қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету тапсырылған.