Ақтоғай ауданында жаңа газ қазандығының құрылысы басталды

Ақтоғай ауданында жаңа газ қазандығының құрылысы басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа нысан Ақжол ауылында білім беру мекемесі мен мәдениет үйін жылумен қамтамасыз ететін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Қаршыға Арынов өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. 

– Жұмыстар облыстық бюджеттен «Бонустық трансферті» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазандық құрылысының мердігері болып 42 миллион теңге сомаға конкурс ұтқан «Сайлау Бурстрой» ЖШС таңдалды. Құрылыс жұмыстары 5 ақпан күні басталды, ал жұмыстардың аяқталуы ағымдағы жылдың наурыз айының соңына немесе сәуір айының басына жоспарланған. Қазіргі уақытта мердігер жер жұмыстарын жүргізіп, құрылыс материалдарын жеткізуде, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Қаршыға Арыновтың айтуынша, жаңа қазандық Т. Бигельдинов атындағы орта мектеп пен ауылдық мәдениет үйін тұрақты жылумен қамтамасыз етіп, оқушылар мен жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.