Павлодарда бірыңғай веложолдар салу ұсынылды
Веложолақтарды салу арқылы кептелістің алдын алу көзделіп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салханов қаланы көріктендіру жайлы кеңесте басты көшелерге веложолдар салуды ұсынды.
– Қаладағы басты жолдарда, яғни, Н.Назарбаев даңғылы – Лермонтов көшесі – Орталық жағажай – Ломов көшелеріне веложол салуды ұсынамын, – дейді Ержан Салханов.
Айта кетерлігі, облыста барылығы 1015 аула бар. Оның ішінде бүгінгі 438 аула немесе 43% абаттандырылған. Азаматтардың өтіншітеріне талдау өткізе отырып, 2023 жылы облыс қалаларында 4,9 миллиард теңгеге 113 ауланы абаттандыру жоспарланған. Жобалар шеңберінде балалардың ойын, спорт алаңдарын орнату, жарықтандыру және асфальттау көзделген. Жобаларды іске асырғанда аулаларды абаттандыру деңгейі 54% құрайды.
Естеріңізге сала кетейін, ақпан айында өңір басшысы Павлодарда BMX және велокросс үшін жеке трассалар салуды ұсынған болатын және қалада велосипед тұрақтары жетіспейтінін атап өтті.