Павлодарда екі күн кейбір үйлер мен нысандарда су өшіріледі

Павлодарда екі күн кейбір үйлер мен нысандарда су өшіріледі
Фото: Константин Шелков

Су құбыры желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, «Павлодар-Водоканал» ЖШС 12 қыркүйек күні сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беруді тоқтатады: Желтоқсан көшесі, 129, Абай көшесі, 115/2, 113, Естай көшесі, 92, 94/2, Бұқар жырау к., 144/1. Бұл Естай көшесінен Луначарский көшесіне дейін Желтоқсан көшесі бойындағы жеке үйлер. 

Сондай-ақ су құбыры желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 13 қыркүйек күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру тоқтатылады: Арғынбаев көшесі бойындағы, Малахов, Потапов, Пожарный, Лунная, Солнечный, Костылецкий көшесінен Омбы тас жолына дейінгі жеке үйлер.

Сондай-ақ Центральная көшесі бойындағы №2,4,6,8,10 тұрғын үйлерде су қысымы төмендейді.