Павлодарда кәсіби дизайнерлер тегін тәжірибе бөліседі

Павлодарда кәсіби дизайнерлер тегін тәжірибе бөліседі
Фото: pexels.com

Графикалық дизайн бойынша шеберлік сағаттары өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық жастар бастамаларын дамыту орталығында Жаңа жыл қарсаңында «Мозайка» дизайнерлік қоғамдастығының ұйымдастырумен бірнеше шеберлік сағаты өтеді.

– Біз әртүрлі бағыттағы дизайнерлерді бір кеңістікке шақырамыз. Әр қатысушы құнды ақпарат ала алады. Интерактивті дәрістермен қатар, Жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сағаты өтеді, – деді орталықта. 

Қатысу үшін @mosaic_omsk парақшасындағы сілтеме арқылы өтіп, форманы толтыру керек.  Шеберлік сағатына қатысу үшін орындар саны шектеулі – 15 адамнан артық емес.

Шеберлік сағатын UX UI дизайнер Анна Экова, бренд-дизайнер, иллюстратор, блогер, типограф Наталья Шер, графикалық дизайнер, мемолог, логомейкер Снежана Вовненко, графикалық дизайнер, фрилансер, латтеринг шебері Нұргүл Тұрғанбекова және веб-дизайнер Ксения Анварова өткізеді. 

Шара 9 желтоқсан күні сағат 14:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында ұйымдастырылады.