Павлодарда наурыздың соңғы күндері қарлы болады

Апта басында боран болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» филиалының синоптиктері Павлодар облысында наурыздың қалай аяқталатынына болжам жасады.
Мамандардың айтуынша, 24 және 25 наурызда қар жауып, жел соғып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Сейсенбіде күн суытады: күндіз – 0…-5, түнде –7…-12 градусқа дейін жетеді. Дәл осындай температура тағы екі түнге дейін сақталады.
26 наурыздан бастап облыста құрғақ ауа райы сақталып, ауа температурасы көтеріле бастайды. Сәрсенбіде күндіз термометр 0…+5 градус көрсететін болады. Содан кейін екі күн қатар тұман болады деп болжам бар. 27 наурызда күндіз +1…+6, 28 наурызда түнде 0…-8 дейін суытады, бірақ күннің шығуымен ауа +5…+10 градусқа дейін жылыйды.
Аптаның соңын павлодарлықтар жылы өткізеді. Екі түн бойы термометр 0…-5 градус сақталады. 29 наурызда ауа температурасы күндіз +7...+12, 30-ы күні +10...+15 дейін жылы болады.
Аптаның соңына дейін секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады, жексенбіге қарай секундына 9-14 метрге дейін күшейеді.