30 наурызда Павлодар облысында жаңбыр жауады

30 наурызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сенбіде ауа температурасы +3…+8 градус жылы болады.

Павлодарда жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0…+2 градус, ал күндіз +5…+7 градусты көрсетеді.