Павлодарда алабай адамға шабуылдады

Павлодарда алабай адамға  шабуылдады
https://pikabu.ru/

Ер адам иттің шабуылынан аман қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны @dp_pavlodar парақшасында Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкері, №10 полиция пунктінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұржан Қабиденовке  ірі иттің шабуылынан қорғағаны үшін алғыс білдірген.  

– Учаскелік инспектор Нұржан Қабиденовке шұғыл әрекет еткені үшін зор алғысымды білдіргім келеді.  Тәртіп сақшысына мықты денсаулық, жұмыста табыс тілеймін, – деп жазды қала тұрғыны өз хатында.

Полиция қызметкері ветеринарлық қызмет пен ит иесін шақырғаннан кейін хаттама толтырды.