Павлодарда оқушы қызды зорлаған студентке сот үкімі шықты

Павлодарда оқушы қызды зорлаған студентке сот үкімі шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Айыпталушы да кәмелеттік жасқа толмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2023 жылдың қазан айында Шарбақты ауданындағы мектептердің бірінде оқитын 12 жастағы оқушыны жақын туысы зорлаған болатын. Колледждің бірінші курс студенті өткен жылдың сәуір айында қамауға алынған.

Қылмыстық істі облыстық Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты жабық отырысында қарады.

Жігітке ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының төртінші бөлігі – «Кәмелетке толмағанды зорлау» және 121-бабының төртінші бөлігі – «Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша айып шығарды.

Айыпкер қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде он жыл отыруы керек.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, зардап шеккен қыз бен сотталушының отбасы Моңғолиядан екені белгілі. Бұған дейін оқушы қыздың Томирис есімді дені сау баланы дүниеге әкелгені хабарланған болатын. Облыс әкімінің шешімімен жас ананың отбасы басқа ауылдан баспанамен қамтамасыз етілді, ал меценаттар отбасының өміріне қажеттінің бәрін сатып алған.