Павлодарда дропперлерге қарсы қатаң шаралар қабылданады

Павлодарда дропперлерге қарсы қатаң шаралар қабылданады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың басым бөлігі – 18-25 жас аралығындағы жастар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 232-1-бабына сәйкес «дропперлік» үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Жаза  мүлікті тәркілеумен бірге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Әбетжановтың айтуынша, бұл бап тек «дропперлерге» ғана емес, олардың банктік карталарын сатып алушыларға және үшінші тарап нұсқауымен ақша аударғандарға да қолданылады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда «Антифрод-орталық» платформасы жұмыс істеп тұр. Жәбірленушілер арыз түсірген бойда ақпарат базаға енгізіліп, банк қаражаттың қай шотқа аударылғанын бірден анықтап береді. Егер дроппер басқа өңірде болса, тиісті тапсырмалар жолданып, жергілікті әріптестердің көмегімен күдіктілер ұсталып, жауапқа тартылады.

– Бұған дейін мұндай фактілерге тек «айдап салушы» бабы бойынша іс қозғалып келді. Енді картаны үшінші тұлғаға беру немесе сату бөлек қылмыс ретінде қарастырылып, қосымша жауапкершілік енгізіледі, – дейді ол.

Олар әлеуметтік желілердегі Telegram, Instagram хабарламалар арқылы 5-15 пайыз көлемінде «жеңіл табыс» уәделеріне алданып, өздерінің карталарын, реквизиттерін немесе мобильді қосымшаға қолжетімділігін береді.

– Азаматтық кодекстің 953-бабына сәйкес, жәбірленушілер дропперлерден келген шығынды азаматтық тәртіппен толық көлемде өндіруге құқылы. Бұл норма заң жүзінде күшінде және қолданыста,– деді Асхат Әбетжанов.

Құқық қорғау органдары банктермен бірлесіп, алаяқтықпен күрес шараларын жалғастыруда. Дегенмен, қылмыскерлер де түрлі айлаға көшіп, азаматтардың жеке деректерін пайдалану арқылы тыйымдарды айналып өтетін жағдайлар кездеседі.