Павлодар облысының үш ауданында да жартысына жуық тұрғын таңдау жасады

Павлодар облысының үш ауданында да жартысына жуық тұрғын таңдау жасады
Фото: Константин Шелков

Аудан әкімдерінің сайлауына жалпы 14 мыңнан астам дауыс беруші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шарбақты, Ақтоғай, Железин аудандарының аумақтық сайлау комиссиясының 13:30-ға берген мәліметтерге сүйенсек сайлаушылардың қатары көбейіп бара жатыр. 

Ақтоғай ауданында 40,1%, яғни 3402 адам таңдауын жасады. Оның арасында үйден 100 адам және 80 жас азамат алғаш рет дауысын берді. 

Ал Железин ауданында бұл көрсеткіш 42,4%-ды құрады. Бұл – 4436 тұрғын, оның ішінде 171 адам – үйден, ал 49-ы алғаш рет таңдауын жасады. 

Шарбақты ауданында тұрғындардың тең жартысы сайлауға қатысып келді. Олардың қатарында 308 тұрғын үйден дауыс берсе, алғаш рет бюллетенді қолға ұстаған жастардың саны – 125. Үш ауданның ішінен дауыс берушілер саны бойынша Шарбақты алдыңғы қатарда. Сайлауға қатысуға құқысы бар 12 мыңнан астам тұрғынның ішінде 6,5 мың азамат дауыс берді. 

Еске сала кетейік, облыста жалпы 87 сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады.