Павлодарда полицейлер сериялық үй тонаушысын ұстады
Ол негізінен гаджеттер мен велосипедтерді ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері тоғыз ұрлыққа қатысы бар,оның ішінде Павлодар қаласының аумағында жасаған жеке үйлердің үй тонаушысын ұстады.
Бұған дейін полицияға жергілікті тұрғындардан пәтерлерден мүлікті ұрлау туралы бірнеше өтініш келіп түскен болатын.
– Анықталғандай, Қарағанды облысының 43 жастағы тумасы түнде пластикалық терезелерді сығу арқылы тұрғын үйлерге кірген. Ол негізінен планшеттерді, телефондарды, велосипедтерді ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған, – деп хабарлайды облыстық ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы 500 мың теңгеден асты. Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің өңір аумағында басқа да осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы барын анықтауда.