Павлодарда текила мен шұшық ұрлаған қырғызстандық ұсталды
Ол дүкенге екі мәрте ұрлыққа түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрмағамбетов көшесіндегі сауда дүкендерінің бірінде бейнебақылау камерасына дүкен сөрелерінен ішімдік ұрлаған азамат түсіп калған.
– Азамат ешкім бақыламайтынын пайдаланып, сөреден текила бөтелкесін және үш шұжық таяқшасын алып кеткен. Кейін кассаны айналып өтіп, дүкеннен шығып кетті. Келесі күні ол тағы да осы супермаркетке барып, ликер бөтелкесі, шұжық таяқшасы мен шошқа мойнын ұрлаған, – дейді департаментте.
Бейнебақылау камераларының арқасында полицейлер ұрыны екі сағат ішінде ұстады. Ол Қырғызстан Республикасының 28 жастағы азаматы болып шықты.
Айта кету керек, қырғызстандық азамат келтірілген шығындарды төлейтін болады.
Еске сала кетейік, Сәтбаев көшесіндегі супермаркеттердің бірінде 29 жастағы ер адам «Мерси» маркалы үш қорап шоколадты ұрлап кеткен. Ал кешке Назарбаев көшесіндегі супермаркеттен 49 жастағы ер адам төрт қорап ұқсас кәмпит ұрлағаны үшін тиісті жазасын алуда.