Көк түсті өзен: Павлодарда Ертістің боялған себебі анықталды

Көк түсті өзен: Павлодарда Ертістің боялған себебі анықталды
Фото: Константин Шелков

Сараптаманың нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Кукумбаев мәлім етті. 

– Алынған талдаулар үш зертханада қаралған болатын. Сараптаманың қорытындысы бойынша сынамаларда шекті рұқсат етілген концентрация және ауыр металдар анықталмады.  Өзенге флуоресцентті бояғыш зат төгілген деп болжап отырмыз, себебі оның иісі мен зиян қасиеттері жоқ, –  дейді Мағзұм Кукумбаев. 

Оның сөзінше,  бұл бояуды төккен адамдар табылмады. Бұл жағдайды полицияға тапсыруды жоспарлап отыр.  

Еске сала кетейік, шілденің аяғында әлеуметтік желі арқылы Усолка жағажайында Ертіс өзенінің саласы көгілдір түске боялғаны туралы  бейне таралып кетті. Экологтар бұл жағдайды зерттеген еді.