Павлодарлықтар тегін медициналық тексеруден қалай өте алады?
@Pavlodarnews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасында скринингті кімдер, қайда өтіп, қандай ауру анықтай алатынын сұрап білді.
«Almaz Medical Group» ЖШС профилактикалық бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Батесованың айтуынша, профилактикалық медициналық тексеру арқылы ерте кезеңдерде қауіпті ауруларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оңтайлы емдеуді таңдауға және процедураларды тағайындауға көмектеседі.
Скринингтен кім өтуге құқылы?
Белгілі бір ауруды анықтау және нақты бір жасқа келген тұрғындар медициналық тексеруден өтеді.
Скрининг екі жас санатында жүргізіледі:
1) 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалар.
Білім беру ұйымдарындағы көшпелі медициналық бригадалар жыл сайын кәмелетке толғанға дейін профилактикалық тексеруден өтеді. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, оқушыларды, арнаулы орта оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді тексереді.
Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі.
2) 30 жастан 70 жасқа дейінгі ересек адамдар.
Аталмыш жастағы азаматтарда ешқандай ауру белгілері болмаған кезде де тексеруден өте алады. Бұл сақтық шараларын ұстану үшін керек.
Пациенттерге арналған скринингтер тегін негізде жасалады. Олар МӘМС қаражаты есебінен қаржыландырылады, сондықтан скринингтен өту үшін сақтандыру мәртебесі болуы қажет.
Медициналық тексеруден өту үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға немесе жеке куәлікпен тіркелу қажет. Әр медициналық мекемеде скринингтік кабинеттер бар.
Білуге маңызды: скринингтік зерттеулерден өту кезінде қызметкер орташа жалақысы бойынша төленетін үш күнге дейін әлеуметтік демалысқа құқылы.
Қандай скринингтен міндетті түрде өту керек?
Жатыр мойны обыры бойынша есепте тұрмаған 30-70 жастағы әйелдер ісікке дейінгі аурулар мен жатыр мойны обырын анықтау үшін медициналық тексеруден өту қажет.
40-70 жастағы әйелдер сүт безінің ісікке дейінгі және ісік ауруларын ерте анықтау бойынша скрининг өту керек.
40-70 жастағы ерлер мен әйелдер:
- қан айналымы жүйесі ауруларын (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) және қант диабетін ерте анықтауға;
- глаукоманы ерте анықтау үшін тексеруден өту маңызды.
50-70 жастағы ерлер мен әйелдер тоқ ішек пен тік ішектің ісікке дейінгі және ісік ауруларын ерте анықтау үшін скрининг өту қажет.
Сондай-ақ, қан аурулары, қатерлі ісіктері бар, гемодиализдегі, анамнезінде хирургиялық араласуы болған адамдар созылмалы В және С гепатитін ерте анықтау үшін тексеруден өтеді.
Биыл өңірдің 40 587 тұрғыны қан айналымы жүйесінің ауруларына тексерілді, оның ішінде екі мыңнан астам адамда артериялық гипертония, жүзден астамында жүректің ишемиялық ауруы бар екені расталды. 34 мыңнан астам әйел сүт безі қатерлі ісігіне скринингтен өтті, 73-де қатерлі ісік анықталды, үш мыңнан астам адам колоректальды қатерлі ісікке тексерілді, 73-де онкология анықталды.
Сонымен қатар, дәрігерлер павлодарлықтардың өз денсаулығына алаңдамайтындығы туралы айтады. Егер 2022 жылы 52 555 адам скринингтен өтсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 10 пайызға төмендеді.