Павлодарда түнде жеке тұрғын үй отқа оранды

Павлодарда түнде жеке тұрғын үй отқа оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 10 қараша күні сағат 01:52-де Заводская тұйық көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ағаш шатыр құрылымдары мен қосалқы ғимараттарды сөндіруге жедел кірісті. Тұрғындар дер кезінде хабарланғаны және өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт тез арада оқшауланып, сағат 02:24-те толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі еске салады: өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз, электр сымдары мен жылыту аспаптарының жарамдылығын қадағалаңыз, ашық от көздерін қараусыз қалдырмаңыз.