Павлодарлық эпидемиологтар тұрғындарға бетперде тағуды ұсынды
Жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін тиісті қаулы қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 ақпанда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты. Онда жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында қызылша, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар сияқты ауа тамшылары арқылы таралатын халық арасында медициналық ұйымдарда персонал мен келушілер медициналық бетперделер қолдануы, антисептиктерді пайдалануы қажет.
– Адамдар көп жиналатын орындарда (әуежайларда, теміржол вокзалдарда, автовокзалдарда, базарларда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол) ұсынымдық сипатта медициналық немесе мата маскаларын пайдалану ұсынылады, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.