Железин ауданында проблемалық жол учаскесінің жөндеуі толығымен аяқталды
Жолдың жолақ сызығын белгілеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Железинка – Веселая Роща» бағытындағы автокөлік жолының ұзындығы 15 шақырымдық бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Мердігер ұйым – «АЗА» ЖШС жөндеу жұмыстарын сапалы әрі қысқа мерзімде орындады.
– Мердігердің өз қаражаты есебінен қосымша 1,3 шақырым жол жөнделді. Жол инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі, жауапкершілікпен атқарған еңбегі мен сапалы жұмысы үшін «АЗА» ЖШС ұжымына алғыс білдіреміз, – деді аудан әкімі Айтуған Шайхимов.
Еске сала кетейік, жобаның жалпы құны шамамен 1 миллиард теңгені құрады. Қыркүйекте Асайын Байханов бұл жол – Железин ауданындағы ең маңызды жол деп айтқан болатын. Ол қаржыландыру мәселесін шешіп, 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру қажет деген тапсырманы берген еді.