Колумбиялық отбасы жаңа туған сәбидің атын ChatGPT деп қойды

Колумбиялық отбасы жаңа туған сәбидің атын ChatGPT деп қойды

Ұлттық АХАТ органы ерекше атауды еш қарсылықсыз тіркеді, деп хабарлайды Kazinform UPI-ге сілтеме жасай отырып.

Кордова департаментіне қарасты кіші Серете қаласындағы колумбиялық отбасы жаңа туған сәбиіне танымал ChatGPT бағдарламасының құрметіне Чат Йипити Бастидас Герра есімін қою арқылы қызу пікірталас тудырды.

Жергілікті БАҚ ата-аналар бұл есімді таңдауын «жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріне құрмет» деп түсіндіргенін хабарлады.

Көптеген қолданушылар таң қалды және мұндай есімнің болашақта балаға қиындық тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Басқалары, керісінше, ата-ананың шешімін оригинал және тіпті «прогрессивті» деп санады.

Колумбия заңы белгілі бір есімдерге тыйым салмаса да, Ұлттық реестр қызметкерлері таңдалған есім қорлау немесе баланың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп есептесе, тіркеуден бас тартуға құқылы.