Павлодарда колледж студенттері үстел теннисінен бақ сынады

Павлодарда колледж студенттері үстел теннисінен бақ сынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Қатысушылар жарыс барысында өз дайындықтары мен шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласындағы «Jenimpaz» теннис орталығы колледж студенттері үшін ерекше алаңға айналды. 

– XXXIV облыстық спартакиада бағдарламасы аясында ұйымдастырылған үстел теннисінен жарысқа облыстың түрлі колледждерінен келген 10 команда, барлығы 40 студент қатысты. Ойындар жоғары деңгейде өтті, – деді облыстық білім басқармасында. 

Ұлдар арасында бірінші орынды Павлодар жоғары мұнай-газ колледжі командасы иеленсе, М. Қанапьянов атындағы жоғары колледж студенттері екінші орын алды. Жүлделі үшінші орын Ақсу қара металлургия колледжі командасына бұйырды. 

Қыздар арасында бірінші орынға Павлодар сервис және тамақтану колледжі стундеттері жайғасты. Екінші орын  Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі командасына, ал үшінші орын Павлодар гуманитарлық–педагогикалық колледжі студенттеріне бұйырды. 

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Ұйымдастырушылар бұл жарыс студенттердің спортқа қызығушылығын арттырып, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандыратынына сенімді.